×

Жаңа жылда отшашу атқандарға 69 мың теңге айыппұл салынады

Бұл әлеуметтің тыныштығын бұзу болып саналады

Жаңа жылда отшашу атқандарға 69 мың теңге айыппұл салынады
Фото: shutterstock

Жаңа жылда отшашу атқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды. Егер фейерверк атқан ірі бизнес субъектісі болса, айыппұл көлемі – 345 мың теңге. Өйткені бұл түнгі сағат 22:00-ден кейін әлеуметтің тыныштығын бұзу болып саналады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Ал оған дейін көңіл көтергісі келгендер отшашуды үй-жайдан 50 метр қашықтықта тұрып атуы тиіс. Бірақ ағаш маңында қолдануға мүлдем болмайды. Ішкі істер министрлігі мейрам алдында пиротехника сататын нүктелерді тексере бастады. 60 дүкеннің сатуға рұқсаты болмаған. Сертификатталмаған 800 өнім тәркіленді.

«Қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды сату қызмет түріне тиісті лицензиялары бар мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан сатып алған дұрыс. Ең алдымен сатушыдан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оны қолдану жөніндегі нұсқаулығы болуы тиіс. Бұйымның сыртқы қаптамасы дұрыстығына және сақтау мерзіміне міндетті түрде назар аудару қажет. Егер де тауар мерзімі өтіп кетсе, тауарлық түрі жоғалса, онда ол пиротехникалық бұйымды пайдалануға болмайды», – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Идрисов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →