×

«Бес қызым - бес бармағым». Алтынай Жорабаева жаңа туған қызына ерекше есім берді

Кеше Алтынай Жорабаева бесінші перзентін өмірге әкелді

«Бес қызым - бес бармағым». Алтынай Жорабаева жаңа туған қызына ерекше есім берді
Фото: Алтынай Жорабаева / Instagram

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева бесінші сәбиіне ерекше есім қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Амина Әлішерқызы. Қош келдің, ботам! Бес қызым – бес бармағым. «Аман-есен жаның қалсын» деген тілектеріңіз қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. «Босанатын әйелдің бір аяғы – жерде, бір аяғы – көрде» дегендей, сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс. Серіктес боп әпкем кірді. Ер адамның серіктес болғанын құптамаймын. Әлішерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есік алдында дұға жасаумен болды. Бізге тілеген ниет-тілектеріңіз еселеп қайтсын!» – деп жазды Жорабаева. 

Айта кетейік, күні кеше Алтынай Жорабаеваның бесінші перзентін өмірге әкелгені жайлы сүйінші хабарды жазған едік

Әншінің бірінші некесінен төрт қызы бар. Екінші рет Әлішер есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
ШҚО-да Шыбынды көл жағалауы тазаланды
Кеше, 17:15

ШҚО-да Шыбынды көл жағалауы тазаланды

Сондай-ақ облыс аумағында мыңдаған көшеттер отырғызылды
Шығыс Қазақстан туристік әлеуеті зор аймақтардың бірі
Ол өзінің болмыс-бітімімен, өмірлік ұстанымымен және ақыл-парасатымен қазақ генералының нағыз үлгісіне айналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →