×

«Біз асырап алған соң ғана жақсы өмір сүріп жатырсың дейтін»: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы мұңын айтты

Жат жерде, өгей отбасында өктемдік пен озбырлықтың ащы дәмін татқанын жасырмайды

«Біз асырап алған соң ғана жақсы өмір сүріп жатырсың дейтін»: Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы мұңын айтты
Коллаж Qaz365.kz

Шетел азаматтары асырап алған қазақ балаларының бірі Ләззат «Жібек жолы» арнасына берген сұхбатында психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жат жерде, өгей отбасында өктемдік пен озбырлықтың ащы дәмін татқанын жасырмайды.

«Мені бағып алған кісілер миыма бір нәрсені құя беретін: «біз асырап алғандықтан ғана сен жақсы өмір сүріп жатырсың, жетімдер үйінде қалсаң, ішкенің ірің, жегенің желім болатын еді» дегенді қайталап айта беретін, айта беретін. «Қазақстанда тұрсаң, өмірің өте нашар болатын еді» дейтін. Ана тілімнен, төл мәдениетімнен, туған жерімнен жұлынып кеткендегі күйінішті сезінуге мүмкіндік бермейтін, басып тастайтын, ойымды өзгертуге тырысатын», – дейді ол.

Ләззат ешкім оны ұрып- соқпағанын, қол көтермегенін, алайда сөзбен аямай сабағанын атап өтеді. 
 

«Ауыр сөзбен-ақ жанымды тілгілеп, жаралағандарын өздері де түсінбеген шығар. Олар маған эмоциялық тұрғыдан зорлық-зомбылық жасады. Сезімдерімнің құнын түсірді, қорлады. Олардың түсінігінде «осыған да қайғыра ма екен» деген кекесін болды. Менің басымнан өткенді түкке тұрғысыз қылды», – дейді ол.


«Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасын «Жібек жолы» арнасы тұрақты түрде көрсетіп келеді. Видеоның толық нұсқасын ақпарат көзінің YouTube арнасынан көруге болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы авторы Жанар Байсемізова қазақстандық жетім балалар 90-2000 жылдары әлемнің отыз еліне тарап кеткенін, тіпті, Оңтүстік Африка Республикасы, Қытай, Жапония – барлығы Қазақстаннан бала алғанын айтқан еді. Ол өз сөзінде балаларды шетелге делдалдар арқылы туристік компания сатқанын мәлім еткен.
Сондай тағдырлы баланың бірі Жәнібек Қазақстанға келіп, анасын іздеп, таппай кеткен. Оның есімі бүкіл елге тарап, анасының табылуына бүкіл ел тілекші болып отыр. Жәнібек қазір Испанияның Мальорка аралында тұрады. Асырап алған отбасы оған еуропаша білім беріп өсірген. 
Миграция заңы бойынша ол жақында Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →