×

Қазақстанда қылмыс 11 пайызға төмендеді

Елде қылмыс жасау көрсеткіштері төмендеді

Қазақстанда қылмыс 11 пайызға төмендеді
Фото: gov.kz

Бас прокуратура елімізде қылмыс санының көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазақстанда қылмыстың 11 пайызға (152 472 - 140 272) төмендеуі байқалуда. Оның ішінде ауыр қылмыстар 14,9 (44 106 - 37 548); ауырлығы орташа қылмыстар 12,6 (67 340 - 58 874); онша ауыр емес қылмыстар 4 пайызға (22 741 - 21 826) қысқарды. Аса ауыр қылмыстар 15,7 пайызға (2 241 - 2 593) өсті. Тергеуді қадағалау аясында прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты», – делінген ведомство хабарламасында.

Бас прокуратура дерегінше, 824 адам прокурорлар тарапынан қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7 пайызға (578-ден 447-ге) қысқарды. 97 тұлға сотпен ақталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Желідегі жасырын қауіп: экстремистік топтар жастарды қалай арбап жатыр
Бүгін, 18:00

Желідегі жасырын қауіп: экстремистік топтар жастарды қалай арбап жатыр

Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі
Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →