×

Қазақстандықтар енді Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда қалай заңды түрде жұмыс істей алады

Қазақстандықтар енді Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады
Фото: Pixabay.com

Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне қосылуы мүмкін. Соның арқасында қазақстандықтар бұл елде заңды түрде жұмысқа тұра алады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті. Екі елдің министрліктерінің өкілдері онлайн-форматта келіссөз жүргізді.

«Оның барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне (бұдан әрі – EPS) енгізу мәселесін талқылады. Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Кездесуге министрліктің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова және Корея республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысқан.

Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, 2014 жылдың басынан бері қазақстандықтар Кореяда 30 күнге дейін визасыз жүретін. Содан бері елімізден Оңтүстік Кореяға қосымша табыс табу мақсатында баратын отандастарымыздың саны күрт өскен.

Сондықтан Қазақстаннан Кореяға ұшатын қазақтар көбейе түскендіктен, шекарада да тексеру күрделендірілген болатын. Көптеген қазақтар бірден әуежайдан елге қайтарылып та жатты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Антикор: Жемқорлық бойынша қай сала бірінші орында тұр
Бүгін, 17:00

Антикор: Жемқорлық бойынша қай сала бірінші орында тұр

Жемқорлық жайлаған салада барлық процесс цифрландырылатын болады
Түз тағысы сүтқоректілер санатына жатады
6 қазан күні шаһар тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүреді
Сәбилердің салмағы 2500-2700 грамм аралығында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →