×

Алматы облысында этносаралық мәселелерді талдайтын сарапшылар алаңы ашылады

Алматы облысында этносаралық мәселелерді талдайтын сарапшылар алаңы ашылады
Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Алматы облысында этносаралық қатынастар саласындағы түрлі процестер мен қордаланған мәселелерді талдайтын «Dialog» арнайы сарапшылар алаңы ашылады. Бұл туралы Алматы облысы Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қоғамдық диалог – өзара сенім мен түсіністіктің негізгі өзегі, басты тұтқасы екендігі белгілі. Келелі кеңес құрып, түрлі түйткілді мәселелерді оңтайлы шешу – олқылықты жайттардың алдын алуға елеулі септігін тигізбек», – дейді Жандар Асан.

Оның айтуынша, «Dialog» сарапшылар алаңын құрудағы басты мақсат – өңірдегі этносаралық қатынастар саласында орын алып жатқан түрлі процестер мен қордаланған жайттарды талдау.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің жанынан құрылатын клубта белгілі қоғам белсенділері, сарапшылар мен этномәдени ұйымдардың төрағалары бас қосып, орнықты ойларымен бөліспек.

Нәтижесінде сауатты талдамалық ұсыныстар даярланып, арнайы қарар қабылданады.

Сарапшылар клубының отырысы онлайн және оффлайн форматтарда әр ай сайын өткізілетін болады. Талқылаулар онлайн режимде әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде таратылады. Осы арқылы көрермендер өз сұрақтары мен пікір-ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алады.

«Клуб қызметінің маңызды бағыты – аймақтағы этносаралық шиеленісті анықтау және алдын алу, бірлік пен келісім құндылықтарын дәріптейтін баянды бастамаларды іске асыру», – деп атап өтті Жандар Асан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Журналист Динара Сәтжанның ағасы қайтыс болды
Бүгін, 12:22

Журналист Динара Сәтжанның ағасы қайтыс болды

Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған
Су тасқыны жағдайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында
Туристер қауіпсіздігі қалай сақталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →