Ол бұған дейін бірқатар лауазымды қызмет атқарған
Марат Аймашев Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz
«Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген өкімде.
Марат Аймашев бұған дейін бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Оның ішінде ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы болған.
2022 жылдың 25 мамырынан бастап бұл қызметті Русланбек Бекжігітов атқарған. 2024 жылдың 15 қаңтарында Бекжігітов бөлім меңгерушісі лауазымынан босатылды.