×

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі бөлімінің меңгерушісін тағайындады

Ол бұған дейін бірқатар лауазымды қызмет атқарған

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі бөлімінің меңгерушісін тағайындады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Марат Аймашев Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz 

«Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген өкімде.

Марат Аймашев бұған дейін бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Оның ішінде ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы болған.

2022 жылдың 25 мамырынан бастап бұл қызметті Русланбек Бекжігітов атқарған.  2024 жылдың 15 қаңтарында Бекжігітов бөлім меңгерушісі лауазымынан босатылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
Бүгін, 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →