×

Бельгиялық Жәнібек қазақстандықтарға алғыс айтты

Жәнібек әлеуметтік желіде пост жариялады

Бельгиялық Жәнібек қазақстандықтарға алғыс айтты
Фото: ашық дереккөзден

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібек алдағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Достар, 17 қаңтар – менің туған күнім! Әлде мен туғанда менің орныма ауысқан баланың туған күні ме?.. Дегенмен, 17 қаңтар құжат бойынша менің туған күнім, иә... туған күнім сияқты! 22 жасқа толдым! 22! Бұл менің сүйікті саным, Құдай маған кереметке, жаңалыққа толы жыл сыйлайды деп сенемін», – деді Жәнбек.

Сондай-ақ ол болашақ жоспарлары жайлы айтты.

«Менің болашақ жоспарларымның бастысы – көптеген замандастарымның биологиялық ата-анасын табуға мүмкіндік берсе екен деймін.

Бүгінгі туған күнімде өзіме де, сіздерге де арман-мақсатымыз орындалып, өзіміз қалағандай өмір сүруді тіледім.

Қазақстан халқы! Осыншама жылдардан кейін туған анасын іздеп, туған жерін аңсап келген маған жылу сыйлап, мейірім көрсеткендеріңіз үшін рақмет!» – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Бүгін, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →