×

«Тегі таза»: Қымбат Досжан шетелдіктердің неге қазақ балаларын асырап алуға қызығатынын айтты

Қымбат Досжан қазір бельгиялық қазақ Жәнібектің анасын табуға жәрдемдесіп жүр

«Тегі таза»: Қымбат Досжан шетелдіктердің неге қазақ балаларын асырап алуға қызығатынын айтты
Фото: Қымбат Досжан парақшасынан

Журналист Қымбат Досжан Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында шетелдіктердің не себепті қазақстандық балаларды асырап алуға қызығатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365

«Неге біздің елден қазақтың балаларын шетелдіктер көп асырап алып кеткен? Олар біздің тегіміздің тазалығына қызыққан және қазақтың қыздары, әйелдері балаларын тастаса, ішкендіктен немесе басқа жолға түскендіктен емес, тұрмыс тауқыметінің өте ауырлығынан тастаған. Сондықтан баланың ағзасы жалпы гені таза деп бізге келеді. Ресейге бармайды», – деді Қымбат Досжан.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы авторы Жанар Байсемізова қазақстандық жетім балалар 1990-2000 жылдары әлемнің отыз еліне тарап кеткенін, тіпті, Оңтүстік Африка Республикасы, Қытай, Жапония – барлығы Қазақстаннан бала алғанын айтқан еді. Ол өз сөзінде балаларды шетелге делдалдар арқылы туристік компания сатқанын мәлім еткен.
Сондай тағдырлы баланың бірі 21 жастағы Жәнібек Қазақстанға келіп, анасын іздеп, таппай кеткен. Оның есімі бүкіл елге тарап, анасының табылуына бүкіл ел тілекші болып отыр.

Қымбат Досжан «Бармысың, бауырым?» хабары Еуропада өскен, бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алған қазақ баласының туған анасын іздеуді жалғастыра беретінін жеткізді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →