×

Талдықорғанда 10 жастағы оқушы қызға шабуылдаған педофил ұсталды

Оқушы қыз түскі уақытта қосымша сабаққа бара жатқан

Талдықорғанда 10 жастағы оқушы қызға шабуылдаған педофил ұсталды
Фото: Depositphotos

Талдықорғанда оқушы қызға шабуыл жасаған педофил ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға кеше күндізгі уақытта болған. Полицияға оқушының анасы шағымданған.

Анасының айтуынша, оның 2013 жылы туған қызы қосымша сабаққа қатысу үшін түскі уақытта Оқушылар сарайына бара жатқан. Қыздың соңынан қалмаған белгісіз жігіт 4-сыныптың оқушысы «Күншуақ» балабақшасының маңына жақындағанда шабуыл жасаған. Оқушы қызды ағаш арасына қарай сүйреп, «айғайласаң өлтіремін» деп қорқытқан. Оқушы қыз қаскөйдің шабуылынан босап шығып, жақын маңдағы компьютер клубына тығылған.

«Бұл дерек қалалық Полиция басқармасында ресми түрде тіркелді. Жедел-іздестіру  шаралары барысында жеке құрам жұмылдырылып, шағынауданның периметрі қоршалды. Полицейлер қылмыстың «ізін суытпай» 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті қамауға алынды», –  деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшысының бақылауына алынды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дархан Сатыбалды «Атакент» кешенін жаңғырту жобасымен танысты
Кеше, 16:19

Дархан Сатыбалды «Атакент» кешенін жаңғырту жобасымен танысты

Алматыда «Атакент» кешенін кезең-кезеңімен қайта құру жоспары ұсынылды
17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →