×

2024 жылы шағбан айы қашан басталады

Шағбан мен Рамазанның байланысы қандай?

2024 жылы шағбан айы қашан басталады
Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биыл шағбан айы 11 ақпанда басталып, 11 наурызға дейін жалғасады. Бұл – исламдағы қасиетті үш айдың бірі. Шағбан айынан кейін ораза ұстау парыз етілген Рамазан айы келеді.

Шағбан сөзінің мағынасы қандай?

«Шағбан» сөзі «көп жақсылықтың бастауы» деген мағынаға ие. Бұл ай ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді.

Шағбан арабтың бес әрпінен тұрады. Шин, айн, бә, әлиф, нун:

  • шин – Алла Тағаланың шарапаты;
  • айн – дәрежесінің көтерілуі;
  • бә – Алланың жақсылығы;
  • әлиф – Хаққа жақындау;
  • нун – Алланың  нұры.

Осы айда ораза ұстаған адамға Алланың шарапаты жауады, сондықтан «шарапаты мол шағбан айы» деген сөз бар.

Шағбан мен Рамазанның байланысы қандай?

Шағбан айын Рамазанға дайындық айы деуге болады. Бұл айда мұсылмандар Рамазанды бос өткізіп алмаудың қамын жасағаны жөн.

Шағбанда оразаға қалай дайындалады?

Бұл айда денсаулыққа көңіл бөліп, иманның да, дененің де иммунитетін барынша көтеріп алу керек. Мүмкіндік болса дәрігерге көрініп, асқазан-ішек жолдарын тексеріп алған жөн. Биыл ораза көктемнің қақ ортасында басталатындықтан, авитаминоз, яғни ағзадағы витамин жетіспеушілігі жиі мазалайтын уақытқа дөп келіп тұр. Осы орайда ағзаңызға қажетті дәрумендерді, құнарлы тағамды уақытылы ішіп, ыңғайы келсе дүйсенбі мен бейсенбі күндері немесе аптасына кем дегенде бір күн ораза тұту абзал болмақ.

Ал рухани дайындыққа ораза жайлы нақты мәліметтерді білу, Құран оқу, білмесе оны үйрену, салауат айтып, дұға оқу, ағайын-туыспен, отбасымен, достармен байланысты жақсарта түсу, ренжіскенмен татуласу жатады. Сондай-ақ бұл – жаман әдеттерді тастап, жақсы әдеттер үйренуге таптырмас уақыт.

Шағбанда неше күн ораза ұстау керек?

Шағбан айы – шамасы келген мұсылманға көптеп нәпіл (ерікті) ораза ұстайтын ай. Дегенмен, қанша күн әрі қай күндері ораза ұстау керек екені жайында нақты айтылмаған. Сондықтан қанша күн ұстаймын десеңіз де өз еркіңіз.

Мәселен, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекітсе болады. Сондай-ақ шағбан айының 13, 14, 15 күндері, яғни «үш ақ күндері» ораза ұстаған дұрыс. Әсіресе Шағбан айының 15-ші күні күндіз ораза ұстап (24 ақпан), түнін (Бараат түні, 24 ақпаннан 25-іне қараған түн) ғибадатпен өткізгеннің сауабы мол. 

Шағбанда қарыз оразаны ұстауға бола ма?

Иә, болады. Рамазан айынан өтелмей қалған қарыз оразаны осы айда өтесе болады. Алайда Шағбан айының оразасын шамасы жеткендер ғана ұстағаны абзал. Шағбан айында үздіксіз ораза тұтып, Рамазан айындағы парыз оразаға шамасы келмей қалуынан сезіктенген адам болса, ол адамға шағбан айында ораза тұтудың қажеті жоқ.

Рамазан айына екі-үш күн қалғанда ораза тұтпаған абзал.

Материал ҚМДБ сайтындағы мәліметтер негізінде әзірленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →