Алматы әкімдігі арнайы комиссияның қорытындысын жариялады
Алматы тұрғындары жойқын жерасты дүмпулерін сезді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ТЖМ мәліметінше, 23 қаңтар Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де - 2 балдық және 01:36-да сезілмей) Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.
Алматы - 5 балл, Шымкент - 2 балл.
Жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді.
ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының базасында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, жедел тәртіппен ТЖ жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып және жұмыс істеуде.
Бұл штабтарда ТЖМ психологтарын тарта отырып, жедел желі телефондары жұмыс жасауда.
ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша күштер мен құралдар жоғары дайындыққа келтірілді.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының базасында Комиссия Алматы болжамдық полигонының аумағындағы сейсмикалық жағдайға бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша Комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасы дайындалады.
Комиссияның қорытындысына сәйкес күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейді.