×

«3-қабаттан секірген»: Алматыда жер сілкінісі кезінде 8 адам зардап шекті

Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген

«3-қабаттан секірген»: Алматыда жер сілкінісі кезінде 8 адам зардап шекті
Фото: baq.kz

Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісі нәтижесінде сағат 03:00-тегі мәлімет бойынша 8 адам зардап шекті. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген.

Тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр.

Үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

Еске салайық, Алматыда 23 қаңтар түнгі cағат 00:09 шамасында жер сілкінісі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл нысан облыс әкімінің тапсырмасымен кадр тапшылығын шешу мақсатында салынған
Биыл қазақстандықтар арасында ұлтын өзгертуге өтініш бергендер саны артып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →