×

Смайылов: Уақытылы ақпарат алмаған соң, жұрт дүрбелеңге түсті

Ол Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкімдігіне қажетті шаралар қабылдауды тапсырды

Смайылов: Уақытылы ақпарат алмаған соң, жұрт дүрбелеңге түсті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Алматыдағы жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көргеніміздей, ТЖМ-нен бастап, әкімдіктерге дейін мемлекеттік органдардың бүкіл қызметтері болған оқиғаға әрекет ете білді. Бақытқа орай, қаза тапқандар мен салмақты шығын жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар», – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол шұғыл жағдайда халықты құлақтандыру қызметі әлсіз болғанын сынады.

«Уақытылы ақпараттандыру мен айқын әрекет болмағандықтан, жұрт дүрбелеңге түсті. Олар 2, 3-қабаттан секіріп, ойсыз әрекеттерге барды. Бұл құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын, халыққа барынша ерте хабарландырулар таратып, хабарландыру керек болғанын көрсетеді», – деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, халық іс жүзінде іс-қимыл алгоритмін білуі керек.

«Өңірлердің әкімдіктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осындай төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарларын түзетуі тиіс. Жақын арада жедел ден қою үшін басқару органдары, азаматтық қорғау күштері басшылары мен жауапты тұлғаларының басқару пункттеріндегі кезекшілігі енгізілсін. Бұл қауіпсіздікті қорғайтын барлық ұйымға қатысты. Ол үшін сейсмикалық қауіпті өңірлерде азаматтық қорғау жүйесін жоғары дайындыққа көшіру қажет», – деді ол.

Ол Денсаулық сақтау министрлігі мен Алматы әкімдігіне зардап шеккендерді емдеуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

«ТЖМ қызметтері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Қажетті қызметтер, соның ішінде жер сілкінісінің эпицентрлері орналасқан көрші мемлекеттер арасында нақты өзара іс-қимыл жасау керек», – деді Смайылов.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →