×

Былтыр Алматыда 200 шақырым жол төселді

Бір жылдағы тексеріс барысында  142 ақау анықталды

Былтыр Алматыда 200 шақырым жол төселді

2023 жылы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Алматы филиалының мамандары қала жолдарында 428 тексеріс жүргізіп, 1325-ке жуық сынама алды. Осы алынған сынаманың 388-і (29,2 пайызы) талаптарға сәйкес болмай шыққан. Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бір жылдағы тексеріс барысында 142 ақау анықталып, олардың 35-і (24,6 пайызы) қайта реттеліп, 107-сі (75,4 пайызы) түзетіліп жатыр. Қазіргі кезде ақау саны біршама азайған. Егер талапқа сай болмаса, мекеме мамандары дереу тапсырыс берушіге және мердігерге хаттама жазады. Содан кейін белгілі бір мерзімде, яғни 7-10 күнде қалпына келтіруі тиіс. Бұл мекеме өз тарапынан айыппұл салып немесе лицензиясынан айыру, тіпті болмаса қадағалаушы инженердің аттестатын тоқтату шарасы қолданады. Сонымен қатар, жыл басынан бері Алматы қаласында жол сапасын бақылау нәтижесінде мердігер мекемелер 14 мың шаршы метр аумаққа 180 миллион теңгенің жөндеу жұмыстарын қайтадан жасады.

2023 жылы Алматы қаласында 200 шақырым жол салынса, оның 44 шақырымына полимер асфальт-бетон төселіп, қалғанына асфальт-бетонның өзге екі-үш түрі қолданылды. Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Алматы филиалының директоры Мәулен Әліповтің айтуынша, қаладағы жол сапасын бақылау жұмыстары биыл да жалғасады. Тіпті, жол салуда жаңа технологияларды пайдалану да қарқын алмақ. 

“Былтыр жол салуда жаңа технологияға көңіл бөлінді. Өйткені, ауыр жүк көліктері, автобус жүретін жолақтар күн ыстығында езіліп, отырып кеткен. Сондықтан өткен жылы магистралді жолдың бәріне полимерлі асфальт қосып төселді. Бұл жолдың отырмауына қарсы әрекет етеді. Енді біз бұл жолдардың сапасын жіті қадағалап отырамыз. Былтыр төселген жол  биыл бірден нәтиже береді деуге болмайды. Оның сапасы алдағы екі-үш жылда көріне бастайды”, – дейді Мәулен Тоқтарбайұлы. 

Орталықта жемқорлықтың алдын алу мен сыбайластыққа жол бермеу шаралары қатаң сақталған. Инженер мамандар өздеріне тиісті планшетін алып, қай нысанға келіп, тексергені туралы GPS арқылы  базаға бірден түседі. Тексерісі, алған материалы, қорытындысы жайында планшетке жазылады. Сол жерде тапсырыс беруші де, инженер де ЭЦҚ кілтпен қол қояды. Бұрын алып келген материалды зертханаға тапсырып, қағазбен акт жасалатын. Қазір қағаз қолданбайды.  Инженер бәрін QR код арқылы тапсырады. Сол бойынша материал зерттеліп, нәтижесін шығарады. Ең соңында ғана материал қай нысандыкі және талапқа сай ма, жоқ па екені белгілі болады. Сол нақты нәтиже тапсырыс беруші мердігерге жолданады. Яғни ортада ешкім болмайды. Айта кету керек, орталық мамандары жүргізген тиімді жұмыстың нәтижесінде жол сапасы 85 пайызға жақсарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →