×

«Халық әлі-ақ түсініп кетеді»: Министр мобильді аударымдарға қатысты дүрбелең туралы айтты

Қазір мобильдік аударымдардың саны азайған

«Халық әлі-ақ түсініп кетеді»: Министр мобильді аударымдарға қатысты дүрбелең туралы айтты
Коллаж Qaz365.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мобильді аударымдарға қатысты тағы да түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның айтуынша, қазір мобильдік аударымдардың саны азайған. Бірақ бұл уақытша құбылыс деп отыр. 

«Бұл – уақытша тренд. Кәсіпкерлер түсінбегеннен кейін қорқып қалған. Сондықтан  дүрбелеңге беріліп жатыр. Біз ашық жұмыс істегенді қалаймыз. Кәсіпкерлер саналы түрде сұр схемаларда жұмыс істеуге болмайтынын түсіну керек», – дейді Әлібек Қуантыров.

Ол Қазақстанның цифрландырылған елдердің қатарында екенін еске салып өтті. Сол себепті қазақстандықтар бұдан әрі де банктердің цифрлық қызметтерін белсенді пайдаланады. Ешқандай проблема жоқ деп санайды.

«Бізге Еуропадан, АҚШ-тан, тіпті Жапониядан қолма-қол ақшаға үйренген адамдар келеді. Олардың бәрі Қазақстанның цифрлық технологияға өтіп кеткеніне таңғалады. Елдегі азаматтар әлі-ақ бәрі үйреніп кетеді. Қаржы министрінің өтініші болды, егер заңбұзушылықтар орын алса, комитеттерге жүгінуге болады. Мен өзім электронды гаджеттерді қолданам. Бұл өте ыңғайлы, барлық операция көрініп тұрады. Экономика үшін бұл жақсы. Қалай болғанда да, адамдар тауарларды қолма-қол сатып алады. Банктерге қолма-қол банкоматтарды көбірек жүктеу қажет», – дейді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →