×

Биыл коммуналдық тариф қымбаттайды – министр

Электр энергиясы қымбаттайды

Биыл коммуналдық тариф қымбаттайды – министр
Фото: shutterstock.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте өткен брифингте биыл да коммуналдық тарифтерге түзетулер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Тарифтерді түзету әр жылы күтіледі, өйткені тарифтік бағдарлама жеті жылға созылады. Орташа алғанда, кейбір субъектілер мен ТКШ түрлері бойынша тарифтердің өсуі 10-15% болады. Бұл орташа есеппен 20-30% құрайды. Су – маңызды ресурс. Біз оны үнемдеуге тырысуымыз керек. Тек инфляцияны ұстап тұру керек», – деді министр.

Оның айтуынша, электр энергиясы бойынша орташа өсім – 20-30%.

«Бұл субъектінің қуатына байланысты. Сондай-ақ судың тарифі де өте төмен. Былтыр мен Батыс Қазақстан облысында болдым. Онда судың бір текше метрі – 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Өте маңызды ресурс болғандықтан, суды үнемдеуіміз керек. Тариф өседі. Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз. Сондықтан мұнда (су тарифін) айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф (бағасы) өседі», – деді Қуантыров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →