×

Ботақарада төтенше жағдай жарияланды: Зардап шеккендерге жалдамалы пәтер беріледі

Өңірде төтенше жағдай жарияланды

Ботақарада төтенше жағдай жарияланды: Зардап шеккендерге жалдамалы пәтер беріледі
Фото: gov.kz

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара кентіндегі газ баллоны жарылысынан кейін полиция қызметкерінің әкесі мен анасы қаза тапты. Осыдан кейін өңірде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жарылыс салдарынан үйдің үстіңгі төрт пәтерінің төбесі астына түскен. Қабырғалары да құлаған және бірінші қабаттағы 3 пәтер бүлінген. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде 35 адам болған. Құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан шығарылған 2 адамнан бөлек, тағы 5 адам зардап шеккен. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.

«Қазіргі таңда біз ол кісілерге жалдамалы үйді шешіп береміз. Әрі қарай үйдің мәселесін толығымен  реттейміз. Ол қазір жаңадан үй салынады ма, басқа жағынан болады ма, қарастырамыз. Онымен айналысамыз. Бірінші кезекте мына үйді мамандар тиісті сараптамадан өткізеді. Әлеуметтік жағдайы төмен, әр санаттағы адамдарға берілген үй. Сондықтан сол санаттағы адамдарға беріледі», – дейді Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали.

Тұрғындар әзірге туыстарының үйіне орналасқан. Бұл тұрғын үй мемлекеттік бағдарлама аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілген. 12 пәтердің біреуі ғана, тек сол жарылыс болған үй ғана меншікте болған. Қалғаны коммуналдық меншіктегі пәтерлер екен. 

«Үйінділер тазартылды. Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті техниканы уақытылы ұсынды, соның арқасында бес адам құтқарылды. Адамдар үйінділердің астында, плиталардың астында қалып қойған. Крандар мен үш экскаватор тартылды. Қазір ТЖД мен полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Жарылыстың алдын ала себебі – газ баллонының дұрыс жұмыс істемеуі. Газ баллоны суықтан жылы бөлмеге кіргізілген. Болған оқиғаға кім кінәлі екенін құқық қорғау органдары анықтайды», – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Конгрестің мақсаты  – медициналық құрал-жабдықтаруды ұсынушы, жеткізуші тарап пен соны күнделікті өмірде қолданатын кәсіби мамандар арасында алтын көпір болу
Панедемия кезіндегі және одан кейін мәселелерді шешудің жолдары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →