×

Шымкенттен қыз алып қашқан Маңғыстау тұрғыны қамауға алынды – прокуратура

Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында

Шымкенттен қыз алып қашқан Маңғыстау тұрғыны қамауға алынды – прокуратура
Фото: dailyadvent.com

Шымкент қаласының прокуратурасы қыз алып қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қалалық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.

16 қаңтарда Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне қала тұрғыны қызын үйлену мақсатында белгісіз ер-азаматтың ұрлап кеткенін айтып хабарласқан.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының «Г» есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жайлар анықталатын болады.

Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты
Кеше, 20:08

Вице-премьер Ермек Көшербаев Қапшағай су қоймасының туристік инфрақұрылымымен танысты

Қапшағайдан басталған жұмыс сапары: Үкімет туристік аймақтарды тәртіпке келтіруге кірісті
Қазақстанда ниқаб киюге тыйым енгізілді ме?
ІІМ өкілдері азаматтарға жалған қызмет түрлеріне қатысты ескерту жасады.
Тарихымыз түгенделіп, барлық мәлімет объек­тивті түрде сараланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →