×

«Мені Антикор алып кетсе ше»: Алматылық тұрғын Досаевқа ерекше сыйлық жасады

Қала тұрғыны әкімге ерекше сыйлық жасады

«Мені Антикор алып кетсе ше»: Алматылық тұрғын Досаевқа ерекше сыйлық жасады
Видеодан кадр

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғыны әкімге ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала тұрғыны әкімге бірқатар мәселенің шешімін тапқаны үшін алғыс білдірді.

«Электр есептегіштері 141-ден 115 мыңға дейін төмендегені үшін, үш фазалы есептегішті бір фазалыға ауыстырғанығыз  үшін алғысымды білдіремін. Осылайша тек қыркүйекте 90 млн теңгеден астам қаражат үнемделді. Автобус жолағын жасаттыңыз. Осы бойынша да хабарласқанмын. Рахмет. Ақжар және Шұғыл ықшамаудандарының тұрғындары атынан таза көшелер үшін де, рахмет. Енді орталық су құбыры мен кәріз жүйесі де тартылады. Әрбір мәселеге қызығушылық танытасыз», - деді қала тұрғыны.

Ол Ерболат Досаевқа қаладағы шешілген мәселелерінің иллюстрациясы арқылы әкімнің бейнесі салынған суретті сыйлады. Әкім сыйлықты әзілмен қабылдап, алғысын білдірді.

«Сыйлық па? Маған ба? Мені Антикор алып кетсе ше? Сыйлыққа рахмет, мен оны әйеліме сыйлаймын», - деді қала әкімі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →