×

«Этноауылға кеткен 1,5 млрд теңгенің есебін кім береді»: Айгүл Орынбек Бас прокуратураға жүгінді

Белсенді Жан Мұқановты Шымкент қаласының Антикоры шайға шақырса екен дейді

«Этноауылға кеткен 1,5 млрд теңгенің есебін кім береді»: Айгүл Орынбек Бас прокуратураға жүгінді
Фото: kungei.kz

Шымкентте белгілі заңгер, белсенді Айгүл Орынбек этноауыл құрылысына бөлінген қаражатқа сұрау салып, Бас прокуратураға үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz

Заңгердің талабы

«Біз бүгін этноауылға келіп отырмыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, сахна бұзылып жатыр. Осыдан үш-төрт ай бұрын мен Шымкент қаласының прокуратурасына, антикорына, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне шағымданған едім. Тіпті осы жерді тексеру керектігін айтып, видео жібердім. Алайда прокуратура осы жерді келіп тексерудің орнына маған қоқан-лоқы жасап, қысым көрсетті. Видеоны өшіруді талап етті. ҰҚК-дан адамдарды жіберді. Яғни «бұл жерді тексеріңіз» деп үндеу айтуға болмайды екен. Неге?», - дейді ол әлеуметтік желі арқылы жасаған үндеуінде.

Айгүл Орынбектің айтуынша, осыдан үш-төрт жыл бұрын Bi Group ипподром жерін алған кезде компания жаңа орында ипподром мен этноауылды салып береміз деп, тек жерді берсеңіздер болды деп мәлім еткенін еске алады.

«Яғни қаланың ортасында тұрған әдемі жерді алып, этноауыл мен ипподромды салды. Жер толық сатып алынбаған болып шығып отыр. Келсек, сахна бұзылып жатыр. Бұл сахнаның өзіне бюджеттен 285 млн теңге қаражат кетті. Неге екені белгісіз қазір антикор қызметкерлері неге тексермейді? Мұның бәріне кім жауап береді? Біз жаңа, әділетті Қазақстанды құрғымыз келіп жатыр. Әділетті Қазақстанды құру үшін біз әділетсіз шешім шығарған әкімдерден бастауымыз керек. Дәл осы жерде былтыр 365 күн бойы келген туристерге осы жердегі киіз үйлерді көрсетеміз деп Жан Мұқановтың өзі үндеу жасаған. Жан Мұқанов өткенде өз видеосында «мені қала әкімі шайға шақырмай отыр» деп ренжулі. Яғни биыл біз Наурызды қалай тойлаймыз деп сұрақ қойыпты», - дейді ол.

Белсенді Жан Мұқановты Шымкент қаласының Антикоры шайға шақырса екен дейді.

«Осы жерде кәсіпкерлерден, мемлекеттік бюджеттен түскен қаражат 1,5 млрд теңге қайда кетті? Кім оның есебін береді? Мына жер енді иесіне қайтып жатыр дейді. Бас прокуратурадан арнайы прокурорларды жіберіп, 1,5 млрд теңгенің қалай талан-тараж болғанын тергеп-тексеруді сұраймыз», - дейді Айгүл Орынбек.

Этноауыл жайлы

Шымкенттіктер Наурыз тойын тойлау үшін арнайы этноауыл салып жатқаны былтыр хабарланған болатын. Былтыр наурыз қарсаңындағы ауқымды құрылысқа жүздеген маман жұмылдырылған. Ұйымдастырушылар ипподромды қоса алғанда 25 гектар жер ұлттық нақышта сипат алатынын айтқан еді. Алтыбақан тұрғызылып, 170 киіз үй тігіліп, 2500 литр көже дайындалатыны да БАҚ-та жазылған. Ол тұста осы құрылысты, мерекені ұйымдастырушы продюссер Жан Мұқанов екені жазылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →