×

Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасы көз жұмған мейрамханадағы кадрларды көрсетті

Нүкенованың ағасының айтуынша, Бишімбаевтың адвокаттары жалған мәлімдеме жасаған

Салтанат Нүкенованың ағасы қарындасы көз жұмған мейрамханадағы кадрларды көрсетті
Коллаж: Tengrinews.kz

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев адвокаттарының ерлі-зайыптылар арасында "кішігірім жанжал" болды деген мәлімдемесінен кейін қарындасы қайтыс болған жерде түсірілген кадрларды жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нүкенованың ағасының айтуынша, Бишімбаевтың адвокаттары жалған мәлімдеме жасаған.

«Бишімбаевтың адвокаттарының жалған сөзінен кейін тергеу нәтижелерінің видеодан алынған скриншоттарын жариялауға мәжбүрледі. Сондай-ақ видеоның бірінші бөлігінде біздің Салтанатқа деген қарым-қатынасымызды салып отырмын. Адвокаттардың ойынша кішігірім жанжал қалай болатынын түсінбедім. Кадрларда оның қалай тепкілеп, жұдырықтағанын анық көруге болады, ал сұхбатта адвокаттар бұндай болмағанын айтады», - деп жазды ағасы.

Сондай-ақ ол адвокаттардың Нүкенованың өліміне қатысты айтқан жалған сөздерін де тізіп шыққан.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Кусаинова экс-министрдің әлі күнге дейін қайғырып қан жұтып отырғанын және жазатайым оқиға болды деп айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →