×

Ашаршылық жылдарындағы азаптар қазақ психикасына қалай әсер етті - психолог Нұргүл Молдабайқызы айтып берді

Астанада talqy.1465 алаңында  аштық жарияланған дала тақырыбы сөз етілді

Ашаршылық жылдарындағы азаптар қазақ психикасына қалай әсер етті - психолог Нұргүл Молдабайқызы айтып берді
Ашық дерекөзден

Астанада talqy.1465 алаңында  аштық жарияланған дала тақырыбы сөз етілді. Жастармен кездесуде халықаралық психологиялық ғылымдар академиясының мүшесі, психолог және криминолог Нұргүл Молдабайқызы ашаршылық жылдарындағы нәубеттің қазақ халқының психологиясына қалай әсер еткенін сөз етті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол өз әңгімесін: «Біз «аштық жайлаған далада» тұрып жатқан жоқпыз. Біз сүйегіне аштық өтіп кеткен және аштығы ескерілмеген ұлттың ұрпағымыз» деп бастады.

«Бұл тақырыпқа қазақтардың жақындай алмау себебін айтайын. Ғылымда кросс-мәдени (ағылшына cross) психология деген бар. Біздің атамыз, әкеміз көрген сұмдықтар бізге қан арқылы емес, тәрбие арқылы беріледі. Мысалы, бала кезден көбіміз «Нан қоқымын шашпаңдар» дегенді естіп өстік қой. Сол секілді «тамағыңды тауысып жеу» деген де бар. Ұнасын, ұнамасын, толық бітіруің керек. Бұл психологияда атауы бар ауру», – дейді Нұргүл Молдабайқызы.

Ол қазір қазақ бедеулік ауруына ұшыраған. Бізде өте көп отбасыларда бала сүю мүмкіндігі болмауда. Психологиялық тұрғыда бұл да ашаршылықтың салдарларының бірі болып саналады деп отыр.  Мұның бәрі халықтың көбеймеуіне әсер етеді. 

«Елімізде екі үлкен аштық болды. Алғашқысы  1921-22, екіншісі 1930-33 жылдардағы ашаршылық. Одан бөлек, репрессия бар. Бұдан басқа да түрлі оқиғалар болды. Жалпы, бір сөзбен қазақтың аштығын бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, біздің физикалық аштығымыз. Маған келетін пациенттер өзінің не жеп, не қойғанын білмейді. Тамақ ішуге байланысты белгілі бір салдарлар бар. Маған бір қыз келді. Әжесінің тәрбиесінде өскен. Совет Одағы кезінде әр әйел жұмыс істеуге міндетті болды. Декрет демалысы сегіз аптадан аспаған. Ол кісі балаларын тұрғызып, қарындарын ұстап көреді екен. Егер тыңқиып тұрса, тамақ жеуді доғарады, егер бос болса, әрі қарай тамақтандыратын көрінеді. Әженің аштық жылдардан көргені. Жаман ойы жоқ. Бірақ бала қазір ауру», – дейді маман.

Ол екіншісі қарым-қатынасқа аштық деп отыр. Сталин заманындағы аштық пен репрессия аяқталған соң, Никита Хрущевтің тұсында 1952-1965 жылдар аралығындағы оқу ісіне байланысты реформаларға сәйкес, интернат, балабақшалар пайда болды. 

«Осы жазда мемлекеттік архивте жұмыс істедім. Сол кезде балабақшаларды үшке бөлгенін байқадым. Аз мерзімдегі – 8 сағат, орта мерзімдегі – 15 сағат, ұзақ мерзімдегі – 5 тәулік. Бұл – балаларды қамау орталығы. Психологияға, өзіміздің мәдениетімізге сәйкес, бала кемі үш жасқа дейін анасының етегіне дейін жабысқан. Баланың кіндігі кесілсе де, ата-анасынан психологиялық тұрғыдан ажырамаған. Алайда одақ тұсында әйелдерді жұмысқа салып, балаларын бір жасқа жетпей, балабақшаға не интернатқа беруге мәжбүрлеген. Өзіңіз қарап отырсаңыз, баланы табиғи құндылықтарынан айырған. Жылу көрмеген бала эмоциялық тұрғыдан адамдармен қарым-қатынас құра алмай қиналады», – дейді психолог. 

Ол осы ретте 60 жастағы клиентіне қатысты мысал келтірді. Бес баласы болса да, біреуінің маңдайынан иіскемепті. Яғни, балаларына жақындау ойына кіріп-шықпаған. Бұл да болса қарым-қатынасқа деген аштық дейді ол.

Жалпы, Нұргүл Молдабайқызы одақ тұсындағы мал-дүниені кәмпескелеу, репрессия мен зорлық-зомбылық салдарының әсері психологиялық тұрғыдан да қатты болғанын айтады. Тіпті, өз баласын ұру да осы жылдардағы зардаптың нәтижесі деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бес күндік және жеті күндік жұмыс аптасы бойынша
Елде барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →