×

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

Сотталушылардың қатарында Бишімбаевпен қатар Бақытжан Байжанов бар

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті
Фото: kursiv.media

Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотталушылардың қатарында Бишімбаевпен қатар Бақытжан Байжанов бар.

Айта кетейік, 16 қаңтарда Бишімбаевқа тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" – 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау) бойынша айып тағылған.

Еске салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды.

2024 жылдың 16 қаңтарында Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылғаны хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Маманның айтуынша, әлеуметтік тәуелділік дегеніміз дәл осы тұрақты жұмыстың болмауынан туындайды
Облыстағы аграрлық мәселелер қалай шешілуде

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →