×

Нұржан Жалауқызының «Медиа-Менеджер» атты кітабының таныстырылымы өтті

Бұл жинаққа Н.Жалауқызының ірі көлемді деген 37 сұхбаты мен кең көлемді мақалалары топтастырылған

Нұржан Жалауқызының «Медиа-Менеджер» атты кітабының таныстырылымы өтті
qaz365.kz

Бүгін қазақ ғылымының қара шаңырағы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде танымал журналист, медиа-менеджер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанованың (Сұраншиева)  «Медиа-Менеджер» атты кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жинаққа Н.Жалауқызының ірі көлемді деген 37 сұхбаты мен кең көлемді мақалалары топтастырылған. 250 беттен тұратын кітап 4 ірі тарауға бөлінген.

Жарық көрген туынды - отандық топ медиа-менеджерлері арасында өзіндік орны бар тұлғалардың бірі - Нұржан Жалауқызының Қазақстан  журналистикасының даму тарихына қосқан нақты үлесі.  

Ақпарат саласындағы еңбек еткен 40 жылдық іс-тәжірибесінің соңғы 20 жылында Н.Жалауқызы беделді Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігін,  еліміздегі ең ірі телеарналарды, оның ішінде «31» арнасын, «Қазақстан» телерадиокорпорациясын, «Алматы» телеарнасын басқарған жылдардағы менеджерлік тәжірибесіне сай берген сұқбаттарынан жинақталған бұл еңбек шығармашылық қауымға және журналистика мамандығын игеруге ниет еткен студенттерге де пайдалы болады деп сенеміз.

Кітапты құрастырушы әрі редакторы - Рауан Есқали, рецензент-кеңесші - Қайнар Олжай, дизайнерлер – Өмірбек Қуанышұлы мен Айна Абдигапарова. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды
Бүгін, 13:01

Қазақстанда ветеринарлық құжатсыз ет сатқандарға қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды

Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда елімізде 64 ветеринарлық бақылау бекеті жұмыс істейді.
Қымбат Досжан Жәнібектің биологиялық әкесі болуы мүмкін адам жайлы да пікір білдірді.
Бүгінде Алматыда 700 мыңнан астам жас тұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →