×

Өзбекстан медбикелері Ұлыбританияға жұмысқа шақырту алуда

Ұлыбританияда медбикелердің жалақысы 3 мың доллардан басталады

Өзбекстан медбикелері Ұлыбританияға жұмысқа шақырту алуда
Фото: ашық дереккөзден

Өзбекстан медбикелерін Ұлыбританияға жұмысқа шақырып жатыр. Бұл туралы Өзбекстан сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Агенттік жазуынша, жұмысқа барғысы келетін медбикелердің жоғары білімі, IELTS 7 немесе OET 3.5 куәлігі болуы керек. Үміткерлерден бұрын сотталмағаны жөнінде анықтама керек.

Ұлыбританияда медбикелердің жалақысы 3 мың доллардан басталады. Олар отбасымен бірге баруға мүмкіндік алады.

Ағылшын тілін білмейтін, бірақ жұмысқа барғысы келетін медбикелерге арнайы курстар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ бұған дейін агенттік өзбек медбикелерін Ұлыбританияға жұмысқа жіберу жөнінде келісім жасалғанын хабарлаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды
Кеше, 17:28

Алматыдағы «Достық» саябағы тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында
Мерекелік шаралар қаланың барлық аудандарында өтті
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Қуғын-сүргін бойынша деректі материалдың массиві анықталды ма

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →