×

Шымкентте жоғалған 15 жасар қыз зорланған: заңгер мәлімдеме жасады

Естеріңізде болса, 30 желтоқсан күні Шымкент қаласының тұрғыны кәмілетке толмаған қызының жоғалғаны туралы шағымданған болатын

Шымкентте жоғалған 15 жасар қыз зорланған: заңгер мәлімдеме жасады
aikyn.kz

Бұл туралы танымал заңгер Айгүл Орынбек фейсбук парақшасында өткізген тікелей эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Естеріңізде болса, 30 желтоқсан күні Шымкент қаласының тұрғыны кәмілетке толмаған қызының жоғалғаны туралы шағымданған болатын. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған қызды 7 күннен соң, темір жол вокзалынан тапты. Қыздың айтуынша, үйден қашып кетуіне анасының ұрып-соғуы себеп болған.

Алайда Айгүл Орынбектің айтуынша, құзырлы орган қызметкерлері табылған қыздың зорланғанын жасырып қалған. Заңгер аталған оқиғаға байланысты үлкен заңбұзушылық орын алып жатқанын және бұл іске ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың да араласуын сұрап отыр.

«Жоғалған қызды барлықтары, тіпті, Шымкент қаласының балалар құқығын қорғап жүрген омбудсменнің өзі тексерді. Барлығы жайында, барлығы орнында деген еді. Жаңа анасы екеуіміз барып, қызды өзіміз тексерттік. Қыз қыз болмай шақты, зорланған. Енді осы істің барлығын жауып отырған Шымкент қаласы полиция департамент басшысы, Шымкент қаласы прокуроры маған жауап берсе екен. Себебі біздің прокуратураға арыз тастап кеткенімізге 15 күннен асып кетті. Әлі күнге жауап жоқ. Не үшін? Мен қызды тексерген эсперттердің үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұраймын. Себебі бізге қыз табылғалы бері Шымкент ПД басшылығынан, тергеушілерден ешкім хабарласқан жоқ», – деді А.Орынбек.

Сонымен қатар оқиға қылмыскерлерді жасыру мақсатында бұрмалануы мүмкін екенін, сондай-ақ кәмілетке толмаған қыздың берген жауабы әдейі анасына қарсы жасалғаны күмән тудырып тұрғанын алға тартты.

«Мен қылмыскерлерді жасыру мақсатында әдейі қызға анасына қарсы ақпарат бергізді деп ойлаймын. Себебі менде қыздың маған айтып берген бүкіл сөздері бар. Маған көзі кішкентай апай “солай айтпасаң, сенің мамаңды аналық құқығынан айырамыз” деп айтты дейді. Яғни, бұның барлығына менің тарапымнан арыз түскен. Алайда бұл істен ешқандай хабар жоқ», – деді заңгер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды
Бүгін, 10:10

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі қайтыс болды

Бұл туралы оның қызы Instagram парақшасында жазды
9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →