×

Ораза 2024: Пітір садақа мөлшері қанша

Биылғы пітір садақа мөлшері қанша

Ораза 2024: Пітір садақа мөлшері қанша
Фото: Nege.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылы Рамазан айы 11 наурыздан басталатынын хабарлап, пітір садақасының мөлшерін белгіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айындағы пітір садақасының мөлшерін – 640 теңге деп бекітті.

2024 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді:

  • Бидай 2 кг – 341 теңге.
  • Ұн 2 кг – 640 теңге.
  • Арпа 4 кг – 701 теңге.
  • Мейіз 2 кг – 5745 теңге.
  • Құрма 4 кг – 8536 теңге.

ҚМДБ мәліметінше, 2024 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 640 теңге етіп белгіленді. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ. 

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді", – делінген ҚМДБ хабарламасында. 

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда
Кеше, 19:47

Комфорт, тәртіп және қауіпсіздік: Алакөлде қандай ауқымды шаралар жүзеге асырылуда

Биыл жағалаудағы санитарлық тораптар саны 8-ден 18-ге дейін көбейтіледі
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіруі тиіс.
Ол қомақты қаражатты жымқырды деп айыпталып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →