×

Ажырасу бойынша Қазақстан екінші орында тұрғаны рас па – Ұлттық статистика бюросы мәлімдеме жасады

Бюро мақала авторларына хат жолдады

Ажырасу бойынша Қазақстан екінші орында тұрғаны рас па – Ұлттық статистика бюросы мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзден

Ажырасу бойынша Қазақстанның әлемде екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұлттық статистика бюросы осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ажырасу коэффициенті 4.6 тең Қазақстан Мальдив аралдарынан кейін екінші орында тұрғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жалған деректің негізгі көзі worldpopulationreview.com сайтындағы мақала болған», - делінген Бюро хабарламасында.

2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,27 құраған.

«2020, 2021 жылдармен салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады – тиісінше 2,56 және 2,54. 2023 жылдың қорытынды деректері алдағы сәуір айында жарияланады», - делінген хабарламада.

Бюро мақала авторларына әлемдік ресурста қате берілген деректер бойынша хат жолдады.

Сондай-ақ Бюро ресми дереккөздерге сілтеме жасауды және таратылатын деректерді алдын ала тексеріп отыруды ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →