×

Сарапшы: Бүгін көріп отырғанымыз – елдегі су тасқынының шырқау шегі емес

Тұтас ауылдар су астында қалып, бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланған

Сарапшы: Бүгін көріп отырғанымыз – елдегі су тасқынының шырқау шегі емес
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бірнеше облысында су тасқыны басталмас бұрын төтенше жағдай болатынын ескерткен белгілі агросарапшы, журналист Кирил Павлов дәл қазіргі жағдай – елдегі су тасқынының шырқау шегі емес деп есептейді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Бізде ең алдымен, кадрлардың біліктілігі мәселесі бар. Бәрі де қардың қалыңдығына қарайды. Ал қар жамылғысында қанша деңгейде су барын есептей бермейді», - дейді ол «За нами уже выехали» ютуб-арнасына берген сұхбатында.

Журналист одан «неге жыл сайын бізде осы жағдай қайталана береді?» деп сұрайды.

«Нақты жауапты мен айта алмайтын шығармын: бірақ, төтенше жағдайлардан кейінгі бюджетті игеру – алдын алудан қарағанда едәуір пайдалы. Себебі алдын алу жұмыстарына едәуір аз ақша кетеді», - дейді ол.

«Ал қазіргі жағдай тасқынның шырқау шегі ме?» деген сұраққа сарапшы «жоқ» деп жауап береді.

«Шырқау шегі емес. Солтүстік Қазақстан облысында әлі толық қар сөгілген жоқ. 1 және 2 сәуірде Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы ауылдарға су тасқыны қауіп төнуі мүмкін. Орманы өртенген ауылдар енді су тасқыны астында қалуы мүмкін. Енді абдырап отырудың пайдасы жоқ. Осының бәрі басталмас бұрын екі апта алдында қазір су тасып жатқан өңірлерді атап көрсеткенмін», - дейді Павлов.

2024 жылғы тасқын Қазақстанның өңірлердегі халқына ауыр тиіп жатыр. Тұтас ауылдар су астында қалып, бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →