×

Енді жұмысқа орналасарда әскери билет сұралмайды

Қорғаныс министрлігі ортада азамат пен ол туралы ақпарат болатын жүйені құру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде

Енді жұмысқа орналасарда әскери билет сұралмайды
Фото: ашық дереккөзден

Жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде енді заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызмет өткеруге жататын адамдарды және мерзімді әскери міндеттілерді әскери есепке алу қағидаларының 6-тарауына сәйкес заңды тұлғалар әскери есепке алуды жүргізуге міндетті.

Заңды тұлғалардың әскери есепке алуды жүргізген кездегі негізгі міндеттерінің бірі жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау болып саналады. Осыған байланысты кадр бөлімдері әскери есепке алу құжаттарын (әскери билет, тіркеу туралы куәлік), әскери қызмет өткергенін растайтын анықтамаларды және т.б.сұрататын.

Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясы бұл талаптарды жоюға мүмкіндік берді.

"Жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау үшін енді жұмыс берушіге Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен әскери есепке алу туралы ақпаратты бір рет басу қажет", – делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе отырып, заңды тұлғаларға Әскери есепке алуды жүргізу қағидаларында көзделген қызметкердің жеке билеттерін толтыру үшін қажетті әскери есепке алу туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беретін бірегей қызметтерді іске қосты.

Бұл санатқа ESUTD АЖ-де қызметкерлердің есебін жүргізетін үкіметтік емес ұйымдар да, Е-Қызмет АЖ-де қызметкерлердің есебін жүргізетін мемлекеттік органдар да кіреді.

Қорғаныс министрлігі ортада азамат пен ол туралы ақпарат болатын жүйені құру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Іс-шарада заңнамаларға енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірілді
Сондай-ақ облыс аумағында мыңдаған көшеттер отырғызылды
Шығыс Қазақстан туристік әлеуеті зор аймақтардың бірі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →