Шипажайда емделуші азаматтарды пассивті жаттығу құралдарымен арнайы курстардан өткізіп келеді
ҚР ПІБ МО «Almaty Resort» шипажайында арнайы емдеу-оңалту бөлімі бар. Онда емдеп қана қоймайды, ары қарай оңалту жағы өте жақсы дамыған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жазым дегенің аяқ астынан. Кенет аяғың тайып құлап, қол-аяғыңды сындырып аласың. Я болмаса, жұмыс барысында жазатайым мертігіп қаласың. Операция, ұзақ уақыт емделу деген сияқты машақат басталады. Инсульттен кейін де солай. Аяқтан тұрып кету қиынның қиыны. Бірден оңалып кету оңай емес. «Орнында бар оңалар» деген қазақ. Денсаулығыңды қалпына келтіру үшін өзіңізге салғырт қарамай, арнайы маманмен ақылдасып, дәрігермен кеңескен жөн.
Адамдар жарақаттан кейін оңалуға аса мән бермейді. Сынықтан соң гипсті ала салып немесе опреациядан кейін тіршілік қамына кірісіп кетеміз де, кейін соның кесірінен денсаулығымыз қайтадан сыр беріп жатады. Толық оңалмайынша жұмыс істемеу керек, дейді дәрігерлер.
Біз ауруханада емделіп шыққан соң, жазылып кеттік деп ойлаймыз. Шын мәнінде аурудан толық айыққан жоқпыз, міндетті түрде шипажайға барып, ағзаға күш жинаған абзал. Яки иммнуитет қалыптастыру керек. Әйтпесе белгілі бір уақыттан кейін әлгі ауруыңыз қайта қоза бастайды.
2020 жылғы коронавирус толқынынан кейін буыны мен сүйегі қақсайтын адамдар көбейді. Дәрігерлер денсаулықты қалпына келтіру үшін көп қозғалу керектігін, әртүрлі жаттығулар жасау қажеттігін айтып жатады. Бірақ егде адамдарға қатты жаттығу да қиын. Операциядан немесе ауыр жарақаттан соң бірден оңалып кету де оңай емес. Қазір «Almaty Resort» шипажайында емделуші азаматтарды пассивті жаттығу құралдарымен арнайы курстардан өткізіп келеді.
Сөзіміз дәйекті болуы үшін цифрге үңілсек. Биылғы қаңтардан бергі үш айда аяқ-қолым, буыным қақсады деп 698, қан айналысы нашарлап кетті деп 821 адам емдеу-оңалту бөліміне келген. Тағы басқа ауру-сырқауларымен жүгінгендер де баршылық. Солардың ішінде нақты ем-дом алуға келіскен 1015 адамның барлығы да оңалту бөліміне аурумен кіріп, курстан өткен соң құлан таза айығып шыққан. Яки 100% нәтиже!
Ал жарақаттан кейін арнайы оңалу залына барған 128 науқастың бәрі де жазылып шығыпты. Реабилитолог дәрігер Александр Шиннің айтуынша, науқастардың көбі тізесіне немесе жамбасына протез салдырғандар.
«Сонымен қатар аяғы мен қолы сынып, кейін гипсін алдырған соң ауырсынып жүрген азаматтар осында келіп жаттығулардан соң оңалып кетуде», - дейді Александр Афанасийұлы.
«Almaty Resort» шипажайы МӘМС бойынша да, ақылы түрде де азаматтарды қабылдай береді.