×

Астанада мас күйінде көлік жүргізген әйел сотты жүктімін деп алдаған

Сот күдіктіге жаза тағайындады

Астанада мас күйінде көлік жүргізген әйел сотты жүктімін деп алдаған
Фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының прокуратурасы 350-ден астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 43 әйел бар, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құқық бұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын басқа да әрекеттер жасайтыны бар.

Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамалмас үшін сотқа жүктілігі туралы анықтама берген, ол жалған болып шықты. 

Сот 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Жалған құжат пайдалану фактісі бойынша оған қатысты ҚК 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әкімшілік заңнаманың нормаларына сәйкес көлік құралын алкоголь, есірткі және уытқұмар мас күйінде басқару 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға және көлік құралын басқару құқығынан 9 жылға дейін айыруға әкеп соғады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Темір арба арнайы электр құрылғымен жабдықталған
Биылғы күзгі науқанда армияға 20 мынан астам қазақстандық шақырылды.
Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →