×

Алматы облысында 300-ге жуық адам қатысқан «Киелі мекен» акциясы өтті

Мұндай әрекеттер қазақстандықтарды тату көршілік пен өзара көмекке баулиды

Алматы облысында 300-ге жуық адам қатысқан «Киелі мекен» акциясы өтті

Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты, олар қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер және мемлекеттік органдардың өкілдері, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тазалау жұмыстары Қапшағай бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Тамғалы-Тас трактінің аумағында жүргізілді. Тракт үлкен (60 м-ге дейін) тік жартастардан тұрады. Тамғалы-Тас кешені – Қазақстандағы өнер, тарих және мәдениеттің көрнекті ескерткіші. Біз қорғауға және сақтауға тиіс осы көне киелі жердің табиғаты, адам көңіліне ұмытылмас әсер қалдыратынына кепілдік береді. 

Бірнеше сағаттың ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.

Мұндай әрекеттер қазақстандықтарды тату көршілік пен өзара көмекке баулиды, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы аптада «Киелі мекен» шарасына кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және түрлі кәсіпкерлік субъектілерінен 300 мыңнан астам адам қатысты.  Жиналған қоқыс көлемі 3 тоннаға жуықтады.  Облыс бойынша барлығы 23 бірлік жүк-тиеу техникасы пайдаланылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →