×

Әзірбайжан – Армения келіссөздері Қазақстанда қай күні өтетіні белгілі болды

Келіссөздер Алматыда өтеді

Әзірбайжан – Армения келіссөздері Қазақстанда қай күні өтетіні белгілі болды
Фото: depositphotos.com

Әзірбайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері Алматы қаласында 10 мамыр күні кездеседі. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, Әзірбайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтеді», - делінген хабарламада.

Айта кетері, Қазақстан тарапының ұсынысымен Әзірбайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері бейбітшілік шарты бойынша келіссөздерді жалғастырады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар екенін мәлімдеген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті
Кеше, 17:38

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданының тұрғындарымен кездесті

Тұрғындар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым, жол жөндеу, ауыл шаруашылығын қолдау, білім беру, медицина және ауызсу мәселелері көтерілді 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →