×

ШҚО әкімі әскери бөлімге барды

Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті

ШҚО әкімі әскери бөлімге барды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ҚР Қорғаныс министрлігінің Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы «27943 әскери бөлімінде» болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бөлімдегі офицерлермен кездесіп, әскери техникаларымен танысып, даңқты батыр Қасым Қайсенов ескерткішіне гүл шоғын қою салтанатына қатысты.

Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті. Сондай-ақ арнайы жасақ арасындағы қоян-қолттық ұрыс шеберлерінің күресін тамашалады. 

«Өңіріміздегі бетке ұстар қаһармандары, Ұлы Отан соғысының батырларын тану, ерліктерін дәріптеу біздің парызымыз. Олардың атын ғана емес, жеңіс үшін жүріп өткен жолдарын да жатқа білуіміз керек», – деді облыс әкімі.

Бүгін дәл осы әскери бөлімде сонымен қатар Өскемен қаласындағы оқушылар мен студенттерге арналған ашық есік күні өтуде. Шара өскелең ұрпақтың бойына патриотизмді баулып, Республикадағы отан қорғаушылардың мәртебесін арттыру мақсатында өтіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →