×

Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылық оқушылар оқу-сауықтыру лагеріне жіберілді

Жазғы лагердің маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданған

Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылық оқушылар оқу-сауықтыру лагеріне жіберілді
Фото: atr.kz

ҚР оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасының балалары «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде демалуда. 4 мамырдан бастап, барлығы 20 күнге 146 оқушы демалыс лагеріне аттанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазіргі уақытта оқушылар Түркістан, Балқаш, Щучинск қаласында және Бурабайда демалуда әрі оқуларын сол жерде жалғастыруда. Маусым айында тағы 35 оқушыны аталған демалыс орынға жіберу жоспарлануда» – дейді  Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының м.а Гүлжансара Қалиқызы.

Сондай-ақ, жаз айларында эвакуацияланған және су тасқынынан зардап шеккен отбасының балаларына көңіл бөлу, қамқорлық жасау мақсатында қалған оқушыларды да оқу-сауықтыру, демалу лагеріне жіберіледі.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, оқушылардың жазғы демалыс және еңбек лагерлері маусым айында ашылады. Бірақ, Құлсары қаласының қазіргі жағдайына байланысты бұл өңірдің оқушылары үшін жазғы лагердің маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім
Бүгін, 00:22

Алакөлде кәріз жүйесі салынып, жағалау толық абаттандырылады – әкім

17 көше мен 34 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын
Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →