×

ШҚО-да еліміздегі алғашқы әжелерге арналған ескерткіш орнатылады

Облыстық форум өтті

ШҚО-да еліміздегі алғашқы әжелерге арналған ескерткіш орнатылады

Өскемен қаласында әжелердің құрметіне арналған алғашқы «Әже» монументалды ескерткіші орнатылады. Бұл туралы «Әжелер алқасы» облыстық форумында белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отбасы күні қарсаңында Өскемен қаласында ақ самайлы әжелердің қатысуымен облыстық форум өтті. Естеріңізге сала кетейік, өңірде ардагерлер алқасының жанынан «Әжелер алқасы» кеңесі құрылды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев айтып өткендей, әжелердің отбасы институтын нығайтуға қосатын үлесін ескеріп, оларды бағалауымыз керек.

«Біздің ақсақалдарымыз – қоғамның қазынасынасы, әр үйдегі жас буынға жол сілтер парасат пен даналықтың тірегі, ал әжелеріміз – ұлтты тәрбиелеген ошақ қасы, шаңырақты сақтаушы. Барлық аналар мен әжелерге құрмет көрсете отырып, біз Өскеменде "Әже" монументалды ескерткішін орнатамыз»,- деді өңір басшысы.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, форум соңында облыстың қоғамдық өміріне үлес қосқан аға буын өкілдері «ШҚО құрметті ардагері» төс белгілер табысталып, алғыс хаттармен марапатталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →