×

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет вице-министрі жауап берді

Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын

Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе – Әділет вице-министрі жауап берді
Фото: Jogargy_sot

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Қолданыстағы заңнамада шартты түрде мерзімінен бұрын босау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады. Ауыр қылмыстарға келсек, шартты түрде мерзімінен босау үшін сотталушы жазаның үштен екі бөлігін өтеуі  тиіс. Шынында да, мұнда жәбірленуші тараптың келісімі қажет. Дегенмен де, бұл соттың айрықша құқығына жатады. Екіншіден, бізге осы іс бойынша үкімнің заңды күшіне енгенін күту керек. Сондықтан да осы сатыда қандай да бір пікір айту әлі ерте", - деді вице-министр.

Журналистер спикерден түрмеде жазасын өтеп жүрген адам денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын ерте шығуы мүмкін бе деп сұрады.

"Бұл да сот шешіміне сәйкес жүзеге асады. Жалпы қылмыстық-атқару жүйесінде медициналық көмек көрсетіледі. Жақында түрмелерде сотталушыларды медициналық көмекпен қамту жүйесі ішкі істер органдарынан шығарылып, денсаулық сақтау министрлігіне берілді", - деп түсіндірді Әділет вице-министрі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →