×

«Декретке миллионмен деп, осы статистикаға өзіңіз себеп болдыңыз»: депутат Мұқаев сынға қалды

Дәулет Мұқаевтың бұл жазбасы әлбетте, қызу талқыланады

«Декретке миллионмен деп, осы статистикаға өзіңіз себеп болдыңыз»: депутат Мұқаев сынға қалды
Parlam.kz

Әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтардың айлығы жайлы статистикалық мәліметтерді қалдырған Дәулет Мұқаевқа оқырманының бірі шебер жауап беріп, оның пікірі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат «елдегі орташа жалақы мөлшері қанша?» деп алдымен тақырып қояды да, артынша мынадай пікір қалдырады.

«Мен емес... Ұлттық статистика бюросы мәлімдегендей, 2024 жылдың І тоқсанындағы орташа жалақы – 382 279 теңге дейді... Ең жоғары жалақы – қаржы және сақтандыру саласында (780 876 теңге). Ең төменгі – балық шаруашылығы саласында (134 621 теңге) тіркелген. Ал өңірлер бойынша ең жоғары орташа айлық жалақы Атырауда (604 052 теңге) екен. Астанада бұл көрсеткіш 494 011 теңге болса, ал Алматыда – 454 172 теңге. Ал сіздің жалақыңыз қанша», - деп жазады депутат блогерлігінен айнымай.

Дәулет Мұқаевтың бұл жазбасы әлбетте, қызу талқыланады. Қоғамның осындай ақпараттарға өткір реакция білдіретінін білетін депутаттың да көздегені сол еді. Алайда оқырманының бір мынадай пікір қалдырған.

«Дәулет мырза, ренжімеңіз, бірақ мына статистикаға себепкер болып отырған адам ол – Сіз! «Декретке миллионмен» деген курсты ашып халықтың көзін ашқан шығарсыз. Бірақ қазір декретке шығып жаткан келіншектердің барлығы бизнес иегерлері болып, жеке кәсіп ашып, орташа жалақыларын кемі 350 мың қылып көрсетіп отыр! Енді күніне қанша әйел бала тауып, қанша әйел декретке миллионмен шығып жатқанын есептей беріңіз. Әрине, статистика осылай болмағанда қалай болады енді», - дейді Маратовна есімді қолданушы.

Оқырманның осы пікірі көптің қолдауына ие болып, оған 800-ге жуық адам лайк басқан. Көбі «рас, солай» деп қолдап жауап қалдырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →