×

«Білім-Инновация» қоры қазақ тілінен шығармашылық байқауын биыл 12-рет өткізеді

Байқаудың ашылу салтанаты 21 мамырда өтеді

«Білім-Инновация» қоры қазақ тілінен шығармашылық байқауын биыл 12-рет өткізеді
Фото: bil.edu.kz

Байқаудың ашылу салтанаты 21 мамырда өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Негізгі мақсат неде?

«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілінен өтетін шығармашылық байқауы ел көлемінде өткізіліп келе жатқанына биыл 12 жыл. Алғаш жалауын көтергеннен бастап  білім бәйгесі сан мыңдаған талапты жастың шамшырағын жақты.

Олимпиаданы өткізудегі басты ұстаным - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамытуды мақсат тұту. Биік мақсат, зор үмітті арқалаған жас өрендер еліміздің және алпауыт мемлекеттердегі маңдайалды жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, ел абыройын асқақтатып жүр.

Байқаудың уақыты жайлы

21 мамыр ашылу салтанаты. Олимпиаданың өтетін жері – Нұрорда мектебі (Қ. Аманжолов 34) Жабылу сәті – 22 мамыр 2024 жылы сағат 16:00. Жабылу салтанаты Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында концерттік бағдарламаның сүйемелдеуімен өтеді. 

Кім ұйымдастырады

Елдің әр аймағында өткен білім бәйгесінен 2000 жуық оқушыдан қара үзіп  шыққан 200 - ден астам үздіктер ақтық сайыста бақ сынайды. Республикалық маңызы бар әрбір облыс пен қалада өткен білім бәйгесіне 5 мыңнан астам жас өрендер қатысты. Оның 3 мыңға жуығы – этнос өкілдері. Жоба Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрлігінің қолдауымен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «Дарын» РҒПО мұрындық болуымен өткізіліп отыр.

Олимпиаданы өткізу тәртібі

Олимпиадаға қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері)  7–11-сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада  бес бағыт бойынша өткізіледі. Олар: «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында  салу), «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс), «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс), «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу) және «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

«Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 11-сыныптың оқушыларына еліміздің үздік ЖОО-лары білім гранттарын ұсынады. Қазіргі таңда «Жарқын болашақ» жеңімпаздарының ЖОО білім гранттарымен оқыған жастардың ішінде танымал журналистер, филолог мамандар шықты. Ел абыройын асқақтатып,  сан мәрте білім бәйгісінен дара шыққан  оқушыларымызды  бұқараға насихаттау мақсатында Сіздерден ақпараттық қолдау көрестулеріңізді сұраймыз», - деп хабарлайды қор.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкенттегі «Таза Қазақстан» акциясы: қала тұрғындарын экологиялық мүдде біріктірді
Кеше, 16:15

Шымкенттегі «Таза Қазақстан» акциясы: қала тұрғындарын экологиялық мүдде біріктірді

Акцияға  «Жасыл ел» жастар жасақтары, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындар атсалысты  
Мемлекеттік жәрдемақыларға 1,5 трлн теңге қаражат бөлінген
Құндылықтарды дәріптейтін фестиваль

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →