Сауалнамада қазақстандықтар қай тарапты қолдайтыны да анықталды
DEMOSCOPE зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 45,1%-і Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыру әділ жаза деп санайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Респонденттердің 19,4%-і 15-20 жылға бас бостандығынан айыруды, 9,5%-і 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, 1,4%-і шартты түрде соттауды және айыппұл салуды қолдаған.
Сауалнамада одан бөлек қазақстандықтар қай тарапты қолдайтыны да анықталды. Осылайша, респонденттердің басым бөлігі (71,9%) жәбірленуші Салтанат Нүкеноваға тілектестігін білдірді. Бұл ретте Қуандық Бишімбаев тарабын 0,4%, яғни төрт адам ғана қолдайды. Респонденттердің бестен бір бөлігі (22,7%) екі тарапты да қолдамайды.
Процесстің жоғары қоғамдық қолдауы азаматтардың 40,7%-і әділетсіз үкім шығарылған жағдайда Бишімбаевқа әділ жаза талап етуіне дайындығынан көрінеді. Олардың 24%-і президенттің атына жазылған петициялар мен үндеулерге қол қоюға дайын екенін, 3,9%-і шерулер мен митиңге қатысатынын, 12,8%-і өз ортасында ашуланып қана қоятынын жеткізді. Бұл ретте 32,6% ештеңе істемейтінін айтқан.