×

Петропавлда су тасқынынан болған зардаптарды жоюға «Ауыл» жастары көмектесуде

«Ауыл жастары» құрылыс жасағының құрамында 40 жас бар.

Петропавлда су тасқынынан болған зардаптарды жоюға «Ауыл» жастары көмектесуде

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан баспаналар құрылысына «Ауыл» жастары көмектеседі. Ол үшін өңірде студенттік құрылыс жасақтары құрылды. Бұл - «Ауыл» ХДПП бастамасымен қолға алынып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Петропавл қаласы А. Винокуров атындағы спорт сарайында «Ауыл» партиясы Жастар қанаты құрылыс жасақтарының салтанатты шеруі өтті.

Салтанатты шеруге «Ауыл» ХДПП Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, жергілікті атқарушы билік өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері т.б қатысты.

Ел аумағында болған су тасқыны зардаптарын жою үшін Жастар студенттік құрылыс жасақтарын қайта жандандырып, зардап шеккендерге нақты көмек көрсету жайында «Ауыл» партиясы Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Серік Егізбаев Үндеу жасаған болатын. Аталған үндеуге бірінші болып «Ауыл» партиясының Жастар қанаты үн қосты. Солтүстік Қазақстан облысында студент жастар отрядын жасақталды.

 «Президентіміз биылғы Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында: «Адал адам – Адал еңбек – Адал тәрбие» – бір-біріне ажырамас ұғымдар. Осы үш бағытты озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады. Балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылақтарды сіңіруге айырықша көңіл бөлінуі тиіс – деп атап өткен болатын. Бүгін, «Ауыл» Партиясының Жастар қанаты бастама көтеріп, еліміз егемендік алған уақыттан бері тұңғыш рет «Ауыл» жастарының құрылыс жасақтарын» құрды. Жоба жас буын үшін жаңа өмірге жолдама, жаңа мамандыққа бастау болады деп ойлаймын. Бүгін біз «Ауыл» партиясы жастар құрылыс отрядтарының жұмысына ресми старт береміз. Біздің балалар 3 ай ішінде, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерді күзгі суыққа ұрындырмай қоныстандыру үшін «Солнечный – 2» кентінде құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Уақыт өте аз, ал жұмыс – өте көп. Сондықтан балаларымызға сәттілік тілейміз!», - деді салтанатты шеруде сөз алған Серік Егізбаев.

«Ауыл жастары» құрылыс жасағының құрамында 40 жас бар. Тағы 40 студент резервте тұр. Қазіргі уақытта Петропавл қаласының Солнечный-2 кентінде тасқыннан зардап шеккендерге арналып 500-ден астам баспана салынып жатыр. Жастар құрылыс жасағы сол жерде су шайған үйлерді қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына жұмылдырылады.

«Бұл үлкен қоғамдық әлеуметтік маңызы бар жоба. Бір  жағынан, жастар жасағы зардап шеккен отандастарға су тасқыны зардаптарын жоюға көмектессе, екінші жағынан, студент жастардың жазғы демалыс кезінде еңбекке араласып, табыс табуына мүмкіндік береді. Басқа өңірлерде де жұмысты жалғастырамыз. Мәселен Қарағанды жастары басқа облыстарға барып, көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді», - дейді Серік Егізбаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →