×

Түркістанда балалар ауруханасының құрылысына өзгерістер енгізілді

Жобаның болжамды құны 6 миллиард теңге көлемінде

Түркістанда балалар ауруханасының құрылысына өзгерістер енгізілді
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында 190 орындық облыстық көп салалы балалар ауруханасының құрылысының жобасы қаралған еді. Кейін оның қуаттылығын 210 төсек орынға арттыру бойынша өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Асхан Байдуалиев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Түркістан қалалық балалар ауруханасы (224 төсек орын) жоғарыда көрсетілген жобаға қосылғанда жалпы 424 төсек орын болады. Қазіргі таңда, жобаның қуаттылығын арттыру бойынша (жалпы 200 орынға) жұмыстар жүргізілуде. Жобаның болжамды құны 34 миллиард теңге. Ал Сауран ауданы, Шорнақ ауылында ауысымына  500 келушіге арналған емхана құрылысы қазан айында аяқталады»,  - дейді Асхан Байдуалиев.

 Қазіргі таңда құрылысына облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр екен. Жобаның болжамды құны 6 миллиард теңге көлемінде.

«Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде 210 орындық аудандық аурухананың құрылысы» жоспарда. Қазіргі таңда, жобаның қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік сараптамадан өткізу 2024 жылдың мамыр айына жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс аумағындағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының (20 - дәрігерлік амбулатория, 23 - фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 - медициналық пункт) құрылысы жоспарланған», - дейді басқарма басшысы.

Оның ішінде жергілікті атақарушы орган тарапынан медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының (1-дәрігерлік амбулатория, 5-ФАП) құрылысына жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.     

Жалпы нысандардың болжамды құны (құрылыс) – 14,2 миллиард теңгені құрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →