×

ШҚО-да Шыбынды көл жағалауы тазаланды

Сондай-ақ облыс аумағында мыңдаған көшеттер отырғызылды

ШҚО-да Шыбынды көл жағалауы тазаланды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ұлан ауданы аумағындағы Шыбынды көлдің жағасы тазаланды. Дәстүрлі шараға елуден астам эко белсенділер мен студенттер, оқушылар, еріктілер қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өткен апталарда сенбілік Сібе көлінің айналасында ұйымдастырылған. Тазалық жұмыстарымен қатар, облыс аумағында мыңдаған көшеттер отырғызылды.   

Шыбынды көл аумағын тазалаудың себебі, осы маңда жазғы оқушылар лагері ұйымдастырылады. Табиғатта демалушылар да Шыбынды көлдің жағасын саялайды. 

“Президенттің тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы белсене қатысып жүрмін. Осы уақытқа дейін қаншама көшет ектік, қаншама қоқыс шығардық. Жылдағыдай бір аптамен аяқталатын сенбілік қана болса, мұншалықты тазартпас едік айналаны. Бұл шынайы шара болды”, – дейді эко белсенді Ақерке Мұқтанова. 

Айтып өткендей, Ұланда ұйымдастырылған науқанға 50 шақты адам қатысты. Олардың ішінде студенттер, мектеп оқушылары, жастар ұйымдарының мүшелері, эко-белсенділер, еріктілер бар. Айтулы шараға шетелден келген спортшылар да қатысты.

“Шығыс Қазақстанның табиғаты ерекше көз тартады. Алайда, қолда бар жердің бағасына жете алмай жатырмыз. Ол үшін қарапайым қағиданы ұстансақ болғаны. Қоқыс тастамайық!” – дейді Швециядан жеткен спортшы Иоган Мартенсон. 

Акцияға белсене қатысқан спортшылардың өздері ғана 50 қап қоқыс жинады. Ал еріктілер мен жастардың еңбектерінде есеп жоқ. Аз уақыттың ішінде көлдің маңайын тап-тұйнақтай қылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →