×

ШҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

Глубокое ауданының денсаулық сақтау саласына медициналық бірлестік бірнеше дәрігерлік нысан салуды ұсынған

ШҚО-да дәрігерлік амбулатория ашылды

Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылында «Ауылдық денсаулықты жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулатория ашылып, тұрғындар мәре-сәре болып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұдан былай аурып, сырқаған тұрғындар ауылдың амбулаториясынан ем ала алады. Нақтырақ айтсақ, амбулатория бір ауысымда дәрігерлер 25 адамға қабылдау жүргізе алады, күндізгі стационарға арналған 4 төсек-орын бар. 

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста тұңғыш рет «Ауылдық денсаулықты жаңғырту» ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулатория ашылды. Осынау нысанмен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Дәрігерлер жаңа нысанда жаңа тыныспен еңбек етеді деп сенемін”, – деді ауданы әкімі Елдар Тумашинов. 

Глубокое ауданының денсаулық сақтау саласына медициналық бірлестік бірнеше дәрігерлік нысан салуды ұсынған. Оның құрамына 100 төсектік Глубокое орталық аудандық ауруханасы, 16 дәрігерлік амбулатория, 8 ФАП, 7 медициналық пункт кіреді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2023 жылдан 2025 жылға дейін 7 дәрігерлік амбулатория және Уварово ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт және Белокаменка ауылындағы медициналық пункт салу жоспарланған.

Айта кетейік, кең әрі жарық медициналық ғимаратты «Элхон» ЖШС құрылыс компаниясы салды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →