×

Абай облысын дамытудың басым бағыттары кеңейтілген отырыс барысында аталды

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,1%-ға артты

Абай облысын дамытудың басым бағыттары кеңейтілген отырыс барысында аталды

Қаржы басқармасының басшысы Әділет Қожанбаев Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, ауылшаруашылығындағы жағдай, қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған міндеттер, сондай-ақ өңірді дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Облыс экономикасын дамыту 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында іске асады. Құжат негізінен геологиялық барлау және іздестіру жұмыстарымен қатар, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік, экология,  азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп салаларындағы жобаларды қамтиды», - деп атап өтті Әділет Қожанбаев.

Өткен жылы облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 5,8%-ға өскен. Бұл көрсеткіште Абай облысы республика көлемінде бесінші орында. ЖӨӨ-де негізгі үлес өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және көтерме және бөлшек саудада болды. Тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, 2023 жылы халықтың ақшалай табысы 1,8%-ға өсті. Орташа айлық жалақы 15,7%-ға артып, 299,6 мың теңгеге жетті.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,1%-ға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға артты. Республика бойынша облыс 4 орынға жайғасты. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 228,1 млрд теңгені құрады, ал нақты көлем индексі 19,1%-ға өсті. Облыс бюджеті 4,7%-ға ұлғайды. Әлеуметтік саланы қолдауға басымдық қала береді: бюджеттің 54%-ы әлеуметтік саланы дамытуға, ал 36%-ы нақты секторды дамытуға бағытталған.

2024 жылы білім беруді (11 жоба), денсаулық сақтауды (60 жоба), әлеуметтік қорғау (1 жоба), мәдениет пен спортты (2 жоба), тұрғын үйді (91 жоба), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (92 жоба), көлікті (7 жоба) және басқа да салаларды қоса алғанда, 272 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда (8 жоба).

Өткен жылы ауыл шаруашылығына 78,5 млрд теңге инвестиция салынды. Ірі қара мал 730,3 мың басқа дейін (2,0%-ға), жылқы 365,5 мың басқа дейін(12,3%-ға), ұсақ мал 1 171,3 мың басқа дейін (4,0%-ға) өсті. Барлық түрдегі ет өндірісі 104 мың тоннаға дейін, ал сүт өндірісі 596,4 мың тоннаға дейін артты. Биыл егіс алқабы 750 мың га жерді құрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Құрбандық шалғанда оқылатын дұға
14.06.2024ж. 22:58

Құрбандық шалғанда оқылатын дұға

Негізінде, ғибадатта ниет ету – өте маңызды
Қазір базарда құрбандық шалу үшін мал іздеп жүрген халықтың қарасы қалың
Сондай-ақ ол Жоғарғы Кеңестің және Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →