×

Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды: мал басы қаншадан басталады

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдайды

Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды: мал басы қаншадан басталады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мұсылман қауымының қасиетті айт мерекесіне орай барша қазақ елін Құрбан айт күні жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырамыз. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады», – делінген хабарламада.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі.

«Тапсырысыңыз сәтті болса, сіздің ұялы телефоныңызға құрбандық шалғаннан кейін оның фото және бейне есебі өзіңіз көрсеткен нөмірге жіберіледі», – деді ҚМДБ цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы.

Сайттың мәліметінше, қой 65-80 мың теңге, құрбандыққа шалынатын ешкі 40-50 мың, ірі қара мал 350-650 мың теңге аралығында болады.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 16 маусымды Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп жариялады, 17 Маусымда қосымша демалыс күні болмайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →