×

Түркиялық профессор түркістандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты

Бүгінде Түлкібас аудандық орталық ауруханасы 94 мың халыққа қызмет көрсетуде

Түркиялық профессор түркістандық дәрігерлермен тәжірибе алмасты

Бүгінде балалар урологиясы мен фетальды хирургиясы өте өзекті. Оның ішінде балалардың зәр шығару жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған патологияларынын емдеудің инновациялық әдістері маңызды. Осы ретте Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық орталық ауруханасында өткен шеберлік сабағына Түркия Республикасы, Ыстамбұл қаласындағы «Медикал Парк» клиникасынан профессор Шейхмус Керем Өзел қатысып, тәжіриебесімен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Түлкібас ауданындағы орталық ауруханасының балалар хирургиясы бөлімінде офлайн және онлайн форматта мастер-класс өткіздік. Сондай-ақ, конференция ұйымдастырылып, балалардың зәр шығару жүйесінің туа біткен және жүре пайда болған патологияларынын емдеудің инновациялық әдістері тақырыбы жөнінде ақпараттар берілді. Екі күнге созылған шеберлік сабағында біз балаларға операция жасадық. Алғашқы отамыз Везикоуретеральды рефлюкс яғни, кері зәр ағынының жағдайына байланысты жасалды. Ал екінші отамыз бұрын 4 рет гипоспадия бойынша операция алған науқасқа жасалды. Сонымен қатар, үшінші отамыз аталық безінің түспеуіне байланысты болды. Бұдан бөлек, емханада урология бойынша мәселелері бар балаларды қарап-тексеру жұмыстары жүргізілді. Ол балаларға емделу жолдарын түсіндіріп, өз ұсыныстарымды айттым. Операциядан кейін мен Қазақстандағы әріптестеріммен Түркияның Медикал Парк клиникасында жүргізілетін ұрық хирургиясы, яғни құрсақтағы операция туралы тәжірибеммен бөлістім. Екі күндік бағдарламамыз ғылыми тұрғыдан да жоғары деңгейде өтті»,- дейді Шейхмус Керем Өзел.

Айта кетсек, бүгінде Түлкібас аудандық орталық ауруханасы 94 мың халыққа қызмет көрсетуде. Бүгінде мекемеде аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын халық арасында насихаттауға аса көңіл бөлінуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады
Кеше, 12:06

3 мың теңгеге қалай теңіз жағасында демалуға болады

"Золотая корона" – бұл шот ашпай-ақ жылдам ақша аудару қызметі
Қазіргі таңда Түркістан облысы аумағында жалпы 24681 медицина мамандары қызмет атқарады
100 мыңнан астам стационарлық медициналық көмек көрсетілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →